Қызылорданың жедел жәрдем бригадасы II Республикалық чемпионатта бас жүлде иеленді

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ru.sputnik.kzЖамбыл облысы Жамбыл ауданының Гродеково ауылындағы «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығының аумағында халықаралық медициналық жедел жәрдем бригадаларының қатысуымен II Республикалық чемпионаты жарысы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан Республикаларынан және Қазақстанның 20 өңiрiнен барлығы 27 команда қатысқан командалар үш күн бойы шұғыл медициналық көмек көрсету кезіндегі теориялық білімдерi мен практикалық дағдыларын, сондай-ақ командалық үйлесімділік пен жедел әрекет ету қабілеттерiн көрсеттi.

Сайыс қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы командасының құрамы бас жүлденi иемдендi.

Жеңiмпаз әрiптестерiмiздi жеңiстерiмен құттықтаймыз!

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.