Буллингке ұшыраған оқушы мектепке пышақ алып келген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 21 қазанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, буллингке ұшыраған болуы мүмкін оқушы мектепке пышақ әкеліп, сыныптастарына қоқан-лоқы көрсеткен.
Оқушылар болған жағдайды мұғалімге жеткізген. Мектепке полиция мен ата-аналар шақырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Полиция жанжал болғанын және оқушыдан пышақ табылғанын растады. Алайда қару қолданылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Қаз
Рус






