Әкесі мен ұлы 77 жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақмола облысында мал ұрлады деген күдікпен Степногорск қаласының екі тұрғыны — әкесі мен баласы ұсталды. Шығын көлемі – 25,4 миллион теңге, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ерейментау ауданында еркін жайылымда жүрген 77 жылқының жоғалғаны туралы арыз полицияға мамыр айында түскен. Бірнеше ай бойы жедел уәкілдер бұрын сотталған адамдарды тексеріп, ет базарлары мен мал сатылуы мүмкін орындарды бақылаған.
Іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің ізіне түскен. Тергеу нұсқасы бойынша, көктемде әкесі мен баласы жылқы табынын Ерейментау ауданынан Степногорск қаласына айдап әкелген. Кейін малды қала сыртындағы қораларға қамап, біртіндеп сата бастаған.
Полиция тергеу барысында аман қалған 40-тан астам жылқыны тауып, заңды иесіне қайтарды.
Қазір екі күдікті де қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






