Қызылордада шебер кірпіштен киіз үй тұрғызды
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны кірпіштен киіз үй тұрғызды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шебер этностильдегі үйді заманауи талапқа сай жасаған. Кірпіштен қаланған киіз үйдің іші есіктен төрге дейін ұлттық салт-дәстүрге сай жабдықталған. Үйдің ішінде көне сандық үстінде жиылған жүк, домбыра да қойылған. Этностильдегі зүйде асхана, жатын бөлмесі де бар. Үй иесінің атасы кезінде ағаштан түйін түйген шебер болып, кереге, уық, шаңырақ жасаған. Балаларына да ұсталықтың қыр-сырын үйреткен. Әулеттегілердің айтуынша, ауылдағы қарашаңырақтың ауласында үнемі киіз үй тұрған. Шебердің еңбегін ауылдықтар ерекше бағалап отыр.