ҚЫЗЫЛОРДАДА МОПЕД, МОТОЦИКЛ, СКУТЕРЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КӨПТЕП ТІРКЕЛУДЕ

5 076

Соңғы уақытта мопедтер, мотоциклдер мен скутерлер қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп, адам қазасына ұштасқан жағдайлар көптеп тіркелуде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстанда жеткізу қызметі үлкен сұранысқа ие болған шақта мопед мінетіндердің саны артты. Жаз айларында жолдарда пайда болған екі дөңгелекті көлік иелеріне жол ережесін көптеп бұзуда. Жол ережесінің 24-бөлімі, 1-тармағында мопедті тек 16 жасқа толған адамдар жүргізе алатыны жазылған. Тіпті 16 жасқа толмаған балалардың скутер және электросамокат тізгіндеуіне рұқсат жоқ бола тұра қала ішінде емін-еркін жүруі жиілеуде. 

Жол апаттарының негізгі себептерінің бірі абайсызда жүру, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жолдың ортасында жүру, жылдамдықты асыру, белгіленген жасқа толмаған және жол қозғалысы ережелерін білмейтін адамдарды басқаруға жіберу, адам мінгестіру және тағы басқа жол ережесі талаптарын сақтамауының салдарынан жол апаттары орын алуда. 


Жол шетімен велосипед мініп жүруге 14 жастан бастап қана рұқсат етілген. Ал, қозғалтқыш көлемі 50 текше метрден көп емес скутерді және оларға теңестірілген электрсамокаттарды 16 жастан басқаруға болады. Жүргізуші куәлігі болуы міндетті емес. Десе де, жас жүргізушілер Жол жүрісі қағидаларын білуі қажет. Патрульдік полиция бөліністері облыс орталығының және елді мекендердің жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Қызылорда облысының Полиция департаментінің тапсырмасы бойынша 9 қыркүйектен бастап облыста жүргізілген арнайы іс-шара нәтижесінде жол ережесі талаптарын бұзған барлығы 53 скутер және 10 самокат, мотоцикл, скутер иелері әртүрлі әкімшілік жауаптылыққа тартылған.  


Бүгінде мопедтер, велосипедтер мен скутерлер көліктен немесе мотоциклден ерекшеленеді бірақ, олар үшін жол ережелері бірдей маңызды. Олар үлкен маневрлік пен жылдамдыққа ие, ал соқтығысудан қорғалмаған. Жолда олар ең қорғансыз, қозғалыстың барлық қатысушылары үшін жоғары қауіптің көзі болып табылуда.


Осы ретте, аталған жүргізушілерді өз өмірімен қатар, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудырмау және мүліктеріне зиян келтірмеу үшін жолда жүру ережелері талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Десек те қала ішінде жүргізген рейд бойынша:

«Патрульдік полиция қызметкерлерімен барлығы -146. Оның ішінде 144 –мотоскутер және 2 мотоцикл тоқтатылып, әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, түн тыныштығын бұзу, масаң күйде басқару, тартық жолаушы тасымалдац, жолаушыларды шлемсіз алып жүру, мемлекеттік белгісіз басқару секілді заң бұзушылықтар орын алуда. Сонымен қатар, ППБ қызметкерлерімен 2 мотоскутер тоқтатылып, тексеру барысында 2 суық қару табылып, 9 жасөспірім түннің екінші жартысында мотоскутер басқарғаны анықталды.»,- делінген арнайы ведомствада.



Екі дөңгелекті көліктің жүргізушілері маневр жасағанда, бұрылғанда, басқа жолаққа ауысқанда жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін көрінетін белгілерді көрсетуі тиіс. Ал ереже бұзғандарға заңнамамен айыппұл қарастырылған. Жүргізуші де, жолаушысы да шлем киюі тиіс. Заңды бұзғандар үшін арнайы айыппұл салынады.  Ал, мопедшілер өздеріне қатысты жол ережесін біле ме деген сауалға:


«Мен жеткізу қызметінде жұмыс жасаймын. Жол ережерін  қатаң сақтаймыз, алайда автокөлік жүргізушілері мопед, мотоцикл секілді құрылғыларды көлік ретінде қабылдамайды. Мысалға бізді жолда қысып, жол жиегіне ысырып өте барады», - Абзал Нұрмағамбет.


Сонымен мопедшілерге тағы не істеуге болмайды?

Мопед мінген азаматтарға қатысты шектеу қозғалуға болмайтын жерді сипаттаумен ғана аяқталмайды. Оған қоса:

    ең болмаса бір қолмен рөлді ұстамай қозғалуға;

    жолаушы тасымалдауға;

    ұзындығы мен ені бойынша 50 см-ден артық шығып тұратын және көлік басқаруға кедергі келтіретін жүк тасуға;

трамвай жүретін жолдарда не бір бағытта қозғалуға арналған бірден көп жолағы бар көшелерде солға не кері бұрылуға;

    велосипед не мопедпен сүйреуге рұқсат берілген тіркемеден басқа тіркемелерді және өзге велосипед не мопедті сүйреуге тыйым салынады.