Қызылорда облысында 15 млн балық шабағы құтқарылды

2 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыҚызылорда облысындағы 164 көл мен Кіші Арал теңізі толығымен конкурстық негізде 5-49 жыл аралығындағы мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының дерегінше, биыл 11 айда су айдындарынан 4 800 тонна балық ауланды. Оның 93%-ы Кіші Арал теңізіне тиесілі. 

- 2028,7 тонна балық өнімдері 8 шет елге экспортталды. 11 балық өңдеу зауытының 4-і Еуропалық одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығына ие. 2025 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтары балық өсіру көлемін 1,5 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр, - делінген хабарламада. 

Бүгінде өңірде 80 көл-тауарлы балық шаруашылығы бар. 2025 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстың 30%-ын субсидиялауға 10,1 млн теңге бөлінген.

- Күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Соған сәйкес тамыз, қыркүйек, қазан айларында жұмысшы топтар құрылып, қарқынды жұмыс атқарды. Нәтижесінде 15 млн балық шабағы құтқарылды, - делінген басқарманың ресми хабарламасында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.