Қызылорда облысында 15 млн балық шабағы құтқарылды
Қызылорда облысындағы 164 көл мен Кіші Арал теңізі толығымен конкурстық негізде 5-49 жыл аралығындағы мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының дерегінше, биыл 11 айда су айдындарынан 4 800 тонна балық ауланды. Оның 93%-ы Кіші Арал теңізіне тиесілі.
Бүгінде өңірде 80 көл-тауарлы балық шаруашылығы бар. 2025 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстың 30%-ын субсидиялауға 10,1 млн теңге бөлінген.







