Қызылорда облысында күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқарады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысында биыл 185,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Егіс аумағында өткен жылғыдан 0,8 мың гектарға, оның ішінде күріштің көлемі 10,9 мың гектарға қысқарған. Осылайша тек 70 мың гектар жерге Сыр салысы егіледі. Сәуір айында мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысы өткізіледі, сонда лимит қайта бекітіліп, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін.
Қаз
Рус






