Қызылорда облысында күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқарады

2 513

Фото: Нұрболат Нұржаубай Қызылорда облысында биыл 185,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Егіс аумағында өткен жылғыдан 0,8 мың гектарға, оның ішінде күріштің көлемі 10,9 мың гектарға қысқарған. Осылайша тек 70 мың гектар жерге Сыр салысы егіледі. Сәуір айында мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысы өткізіледі, сонда лимит қайта бекітіліп, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін.

2026 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 20,4 мың тонна күріш тұқымы құйылған. Одан бөлек 1570,9 тонна дәнді, 126,6 тонна майлы және 301,6 тонна мал азығы түріндегі дақылдардың тұқымы дайындалған. 65,6 мың тонна минералды тыңайтқыш қажет болса, бүгінде соның 13%-ы сатып алынған. Сонымен қатар 85,8 мың литр гербицид жеткізіледі. Қолда бар 3975 техника наурыз айына дейін толық жөндеуден өткізіледі, - делінген хабарламада.