ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

1 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ЖАҢАҚОРҒАНДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Бүгін ауданда мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын дәріптеу және бұқаралық спортты дамыту мақсатында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Тартысты додаға ауданның мемлекеттік мекемелерінен құралған 9 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Командалар жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен үздік ойыншыларға арнайы статуэткалар табысталды.

І орын - Аудандық спорт мектебінің командасы.

ІІ орын - Аудандық білім беру ұйымдарының командасы.

ІІІ орын - Аудандық көп бейінді орталық аурухана командасы. 

Аталған іс-шара аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.