Қызылордада мемлекеттік органдарында жұмыс режимін бұзудың 65 дерегі тіркелді

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: РixabayҚызылорда облысында шілде-тамыз айларында мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдарда заң талаптарын бұзудың 18 дерегін анықтады.

- Мемлекеттік қызметшілерге 32 сағат 8 минут демалыс уақыты берілді. Ал қашықтан жүргізілген мониторингке 21 мемлекеттік орган қамтылды. Оның ішінде 6 мемлекеттік органда 47 заң бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде 155 сағат демалыс уақыты берілді, - делінген хабарламада.

Мониторинг ақпараттық, бақылау және басқару жүйелерінің, мемлекеттік органдардың дерегі, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар негізінде жүргізіледі.

- Демалыс күндері жұмысқа шығу қажеттілігі туындаған жағдайда ол басшының тиісті шешімі негізінде алдын ала ресімделіп, жұмысқа шығу себебі, мерзімі және қызметкердің атқаратын міндеттері нақты көрсетілуі тиіс. Демалыс күніндегі жұмыс уақыты белгіленген тәртіппен есепке алынып, қызметкерге заңнамада көзделген тәртіппен демалыс уақыты немесе өзге де тиісті өтемақы берілуі қажет, - делінген хабарламада.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.