Қызылордада пара алған сот төрағасы мен судья 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов пен судья С.Бертайға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың әрқайсысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтары бойынша (сыбайлас жемқорлық қылмыстар) кінәлі деп танылды.
Елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр.
Қаз
Рус






