Қызылордалық әйел жедел жәрдем көлігінде босанды

2 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/ sekseul_103Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері айы-күні жетіп отырған аяғы ауыр әйелді ауруханаға жетпей, көлік ішінде босандырып алды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға 25 қараша күні Арал ауданының Сексеуіл кентінде болған.

- Шақыртуға дереу жеткен жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері Кәмшат Оразғалиева мен Сәрсенбай Өмірбек босану процесі басталған әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетті. Медицина мамандарының үйлесімді әрекетінің арқасында сәби жедел жәрдем көлігінің ішінде дүниеге келді. Ана мен баланың өміріне қауіп төнбей, екеуі де аман қалды, - делінген жедел жәрдем бөлімінің хабарламасында.

Бұл аталған бригаданың жедел жәрдем көлігінде босандыруды қабылдаған алғашқы жағдайы емес. Мамандар бұған дейін де осындай жауапты сәтте кәсіби шеберлік танытқан.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.