Қызылордалық әйел жедел жәрдем көлігінде босанды
Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметінің фельдшерлері айы-күні жетіп отырған аяғы ауыр әйелді ауруханаға жетпей, көлік ішінде босандырып алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 25 қараша күні Арал ауданының Сексеуіл кентінде болған.
- Шақыртуға дереу жеткен жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері Кәмшат Оразғалиева мен Сәрсенбай Өмірбек босану процесі басталған әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетті. Медицина мамандарының үйлесімді әрекетінің арқасында сәби жедел жәрдем көлігінің ішінде дүниеге келді. Ана мен баланың өміріне қауіп төнбей, екеуі де аман қалды, - делінген жедел жәрдем бөлімінің хабарламасында.
Бұл аталған бригаданың жедел жәрдем көлігінде босандыруды қабылдаған алғашқы жағдайы емес. Мамандар бұған дейін де осындай жауапты сәтте кәсіби шеберлік танытқан.
Қаз
Рус






