ҚАЖ мекемесінде киберспорттық футболдан жарыс өтті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында киберспорттық футболдан жарыс ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық шара Қызылорда облысының дене шынықтыру және туризм басқармасымен бірлесіп өткізілді. Жарысқа 25 сотталған қатысып, PlayStation платформасы арқылы футболдан өзара бақ сынады.
Тартысты өткен бәсекенің мақсаты – спорт пен киберспортты дамыту, жазасын
өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Жарысқа қатысқан жазасын өтеушілер шараның қызықты әрі тартысты өткенін
атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар №37 мекеме бастығының грамоталарымен, сондай-ақ Қызылорда облысының дене шынықтыру және туризм басқармасы басшысының дипломы, медаль және кубокпен марапатталды.
Қаз
Рус






