ҚАЖ мекемесінде киберспорттық футболдан жарыс өтті

1 505

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында киберспорттық футболдан жарыс ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Спорттық шара Қызылорда облысының дене шынықтыру және туризм басқармасымен бірлесіп өткізілді. Жарысқа 25 сотталған қатысып, PlayStation платформасы арқылы футболдан өзара бақ сынады.

Тартысты өткен бәсекенің мақсаты – спорт пен киберспортты дамыту, жазасынФото: ҚАЖД өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Жарысқа қатысқан жазасын өтеушілер шараның қызықты әрі тартысты өткенін Фото: ҚАЖДатап өтті.

«Бүгінгі жарыс біз үшін ерекше болды. Футбол ойнап, өзара бақ сынадық. Осындай спорттық шаралар көңіл-күйімізді көтеріп, бос уақытымызды тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Жарыс ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін», – деді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар №37 мекеме бастығының грамоталарымен, сондай-ақ Қызылорда облысының дене шынықтыру және туризм басқармасы басшысының дипломы, медаль және кубокпен марапатталды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.