Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды

349
Қызылорда облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент-Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сот сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.