Қызылордада шатыры ұшқан мектеп оқу жылына дайын емес

1 297

Қалаға қарасты Тасбөгет кентінде шатыры ұшып кеткен екі мектепте әлі күнге құрылыс жұмыстары басталмаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.


Тасбөгет кентіндегі №257 мектептептің шатыры 2 ай бұрын қатты жел кезінде ұшып кеткен.  Бірақ ғимараттың жабыны содан бері тұр екен. Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалса да, жөндеу жұмыстары басталмаған. 


Тұрғындардың сөзінше, қазір төбеде қалған жабын қатты жел соқса құлап кетуі мүмкін. Ата-аналар шенділердің жайбасарлығының кесірінен балалар қауіпті мектепте оқиды дейді. 


Ал шенеуніктер 2 ай бойы бюджеттен қаражат бөлінгенін күткендерін мәлімдеді. Айтуларынша, қазір мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.


“Қайткен жағдайда да оқушылар өміріне қауіп төнбейтін жерде оқуы үшін жұмыстар жасалады. Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданады”, – деді Қызылорда қалалық білім бөлімінің бас маманы Қанат Әбдіқадыров. 


Екі мектептің шатырын жөндейтін құрылыс компаниялары әлі де анықталмаған. Сөйте тұра білім ұяларының басшылары 1-қыркүйекке дейін ғимараттың кем-кетігін қалыпқа келтіруге уәде берді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.