ОҢҒАРБАЕВ АРАЛҒА ОҢ ӨЗГЕРІС ӘКЕЛДІ МЕ?

2 862

Фото: Opennews.kz ЖИЭкологиялық апат аймағы саналып келген Арал қаласы бұл жолы мүлдем басқа қырынан әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қоғам белсенділері аудан орталығының тозып тұрған келбетін, ретсіз сәулетін және толық пайдаланылмай отырған туристік әлеуетін ашық айыптауда. Аты әлемге мәлім мекеннің бүгінгі жай-күйі жергілікті биліктің инфрақұрылымға немқұрайлы қарайтынын көрсетіп берді.

Сыр өңірін аралаған желі қолданушысы Гауһар Ыбрайқызы Аралдың қазіргі көрінісінен кейін көңілі құлазып, оны «таза ескі Қазақстан қаласы» деп атады. Оның айтуынша, орталық базар маңындағы ретсіздік пен жаңбыр жауса лай кешетін көшелер қаланың ажарын қашырып тұр. Автор көршілес Қазалы ауданының жинақы сәулеті мен заманауи қонақүйлерін мысалға келтіріп, бір облыстағы екі ауданның инфрақұрылымдық алшақтығына назар аудартты.

Қоғам белсендісі Болат Нурхожаев мәселенің тамыры тереңде жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, басты Абай көшесінің тарылтылуы, жаңа үйлердің қаланың әр бұрышына шашырай орналасуы жүйелі қала құрылысы концепциясының жоқтығын білдіреді. Сонымен қатар, Возрождение аралындағы тарихи кемелердің металға кесіліп тоналуы — туристік капиталды өз қолымызбен жою. Аралдың тарихи мұрасын сақтау үшін кемде-кем бірнеше кемені ашық аспан астындағы музей ретінде қалдыру және Ақеспедегі емдік балшық пен артезиан суларын пайдаланатын заманауи сауықтыру орталығын салу кезек күттірмейтін шаруа.

Халықтың Аралдан көшуіне тек жұмыссыздық емес, жайсыз орта да әсер етуде. Қалаға косметикалық жөндеу емес, қайта ойластырылған даму концепциясы мен сапалы архитектура керек. Аудан мен облыс басшылығы бұл сұрақтарға нақты жауап беріп, іске көшуі тиіс. Бір кезде теңізінен айырылған Арал енді қалалық келбетінен айырылмауы керек.

Бұл мәселенің барлығы Арал ауданы әкімі Аманжол Оңғарбаевқа тікелей қатысты. Ол кісіге қойылатын сұрақ та көп. Десе де кейбір желі қолданушылары жасалып жақтан жақсы жұмыстарды жоққа шығаруға болмайды деп жазуда. Бейресми ақпарат  бойынша Сақыпұлы облыстық мәслихат төрағасының орнына қонжиятын көрінеді. Ал Мұрат Жолкелдіұлы зейнет демалысына күн санап отыр дейді-мыс. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.