Жазира Байырбекова құмар ойынға қатысты ойын айтты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байыбрекова құмар ойынға қатысты ойын айтты. Ол лудомандар қателігін ешқашан мойындамайтынын да тілге тиек етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жазира Байырбекова әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған мәселені Instagram желісіндегі парақшасында көтерді.
Өнер иесі мұны тек құмар ойынға тыйым салу арқылы тоқтатуға болатынын айтты. Байырбекова депутаттар аталған мәселені 2 жылдан бері шешуге күш салып жүргенін де жеткізді.
Қаз
Рус






