"Өзім қамқор боламын": Мөлдір Әуелбекова ұлының сөздерінен кейін жылап қалды

2 232

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:instagram.com/moldir.auyelbekovaҚазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде балаларымен түскен видеосын жариялап, елді тәнті етті. Бүгінде қос перзентін жалғыз өзі тәрбиелеп отырған өнер иесі ұлының сөздерінен кейін жылап қалғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Мөлдір Әуелбекова балаларымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің перзенттерімен серуендеп келе жатқанын көруге болады. 

"Қос қанатым! Салтайым 2 сыныпқа, Аққызым балабақшаға қадам басты! Балаларымыздың қадамдары нық, сәтті, берекелі болсын", - деп жазды эстрада жұлдызы. 

Оған қоса әнші ұлы Салтаймен түскен суреттерін бөлісіп, баласының өзіне айтқан сөздерінен кейін көз жасына ерік бергенін жеткізді.

 "Салтай бүгін "Анашым! Қарындасыма өзім қамқор боламын! Алаңдама!" деді! Жылап алдым", - деп жазды әнші.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.