"Төрт көзіміз түгел": Гүлзира Айдарбекова отбасылық басқосу сәтімен бөлісті

2 541

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekovaТанымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Абдукәрімованы және оның ата-анасын арнайы қонаққа шақырып, шаңырағында жылы ықыласпен қарсы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отбасы мүшелері бір дастарқан басына жиналып, емен-жарқын әңгімелесіп, көптен бері бірге болмаған сәттің қуанышын бөлісті. Кеш барысында әулет мүшелері естелік суреттерге түсіп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Гүлзира Айдарбекова бұл кездесудің ерекше мәнге ие болғанын әлеуметтік желіде де атап өтті.

«Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралдарынан демалыстан оралып, басымыз қосылып, мерекеге айналды. Төрт көзіміз түгел, аман-есен жүздесудің өзі — үлкен бақыт. Көпшілік көріп жүрген күлкі — шындықтың бір ғана қыры. Қалғанын өмірдің өзі көрсетеді. Өмір кейде тыныштық арқылы сынайды. Түсінген жанға осының өзі жеткілікті…», — деп жазды продюсер.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.