«Биле, ламбада»: Мөлдір Әуелбекова жаңа әнімен сынға қалды

2 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.moldir.auyelbekovaТанымал әнші Мөлдір Әуелбекова «Биле, ламбада» атты жаңа туындысын көпшілікке таныстырды. Алайда ән әлеуметтік желі қолданушыларының түрлі пікірін туғызды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жаңа әніне түсірілген бейнероликтің үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Жазба астында бірқатар тыңдарман бұл стиль әншінің дауысына үйлеспейтінін алға тартты.

«Даусыңыз той әндеріне келмейді», «Мөлдірге басқа стиль жарасады», «Сізге баяу әндер көбірек үйлеседі», – деп жазды желі қолданушылары.

Әзірге әнші айтылған сын-пікірлерге жауап берген жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.