Мексикадағы концертте жанкүйер қыз Димаш Құдайбергенді ернінен сүйіп алды

2 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Threads.com/@dear.sharlyӘлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концертінде күтпеген жайт болды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Кеш барысында өнерпазды жанкүйер қыз ернінен сүйіп алған. Оқиғаның видеосы желіде таралып, қызу талқыланып жатыр

Оқиға Димаш Құдайбергеннің DiMENSIONS әлемдік туры аясында Мехико қаласында өткен концертінде болған. Әнші әйгілі “Bésame mucho” әнін орындап, сахна шетінде көрермендермен жақындасқан сәтте жанкүйер қыздардың бірі оны күтпеген жерден ернінен сүйіп алған.

Алғашында тараған бейнежазба желі қолданушыларының әртүрлі пікірін туғызды. Кейбірі бұл әрекетті әзілге балап, әншінің өзі де қарсы болмағанын жазса, енді бірі қыздың шектен шыққанын айтып сынға алды.

Желіде бұл жағдайға қатысты пікірлер екіге бөлінді. Көпшілік жанкүйердің әрекетін орынсыз деп бағалап, өнер адамының жеке кеңістігін құрметтеуге шақырды.

“Өнерін жақсы көруге, құрметтеуге болады. Бірақ әншіге ұмтылып, құшақтап, сүйе беруге болмайды. Әр нәрсенің шегі бар”, – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы бір қолданушы концерттегі қауіпсіздік шараларына қатысты сұрақ көтеріп, күзет қызметінің мұндай жағдайға жол бермеуі керегін айтты. Дегенмен оқиғаға әзілмен қарағандар да табылды. Олардың бірі екі жастың әрекетінен ешқандай оғаштық көрмегенін жазса, енді бірі жанкүйер қыздың орнында болғысы келетінін жасырмаған.

Алайда көп ұзамай оқиғаның басқа бұрыштан түсірілген видеосы жарияланды. Жаңа кадрларда Димаштың жанкүйерден алыстауға тырысқаны, кейін оны жіберіп, қолымен ескертуге ұқсас ишара жасағаны байқалады.

Threads желісінде Sharly есімді қолданушы аталған бейнежазбаны жариялап, әншінің әрекетіне назар аударуды сұрады.

“Оның қыздан қалай шегінгені анық көрінеді. Сол сәтте ол жанкүйерді жіберіп, алыстайды, тіпті ескерту жасайды. Әсіресе қырынан түсірілген видеодан Димаштың бұл жағдайдан шығуға тырысқаны жақсы байқалады”, – деп жазды ол.

Желі қолданушысының айтуынша, әншінің оқиғадан кейін күлімсіреуі оның мұндай әрекетке келісім бергенін білдірмейді.

“Адамның кім екеніне қарамастан, оның жеке кеңістігі мен шекарасын құрметтеу керек. Оқиғадан кейін күлімсірегені болған жағдайды ақтамайды. Күлімсіреу келісім білдіру деген сөз емес. Сондықтан кінәні әншіге артуды доғарыңыздар”, – деді ол.

Әзірге Димаш Құдайбергеннің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.