Гүлзира Айдарбекова: "Бала мен келінге күнім түсіп тұрған жоқ"
Ұлы мен келінін алып, демалысқа шыққан Гүлзира Айдарбекова "жастардың жанынан қалмайды" деген сынға жауап берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. Кенже ұлын үйлендіргелі Айдарбекова жас жұбайлармен жиі көзге түседі. Жуырда Түркияға бірге барып келсе, жаз айларында Алматының маңындағы демалыс орындарында өткізуде. Айтуынша, о бастағы жоспар бойынша Заңғар мен Жібек Нұр-Сұлтан қаласында бөлек тұруы керек болған. Алайда анасымен бірге тұруды жастардың өзі қалапты.
Дегенмен, Гүлзира ханымның әр әрекетін бақылап отыратын фолловерлер мұнымен тоқтай қойған жоқ. Олардың бірі продюсерді ортаншы ұлының бал айына жастармен бірге аттанды деп айыптаған.







