Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды

313

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

20 қараша, сайлау күні елордалықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



20 қарашада Астана қаласының қоғамдық көлігі қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл күні қалада, қала маңына қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді, - делінген хабарламада.

Ал, 21 қараша, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады.


Айта кетейік, 2020 жылдың наурызынан бастап елорда әкімінің тапсырмасымен қаладағы кәмелетке толмаған тұрғындар үшін тегін жол жүру енгізілді. Осы уақыт ішінде оқушылар 43 миллион сапар жасаған.

Сондай-ақ, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасыларға да жол жүру тегін.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.