"Рахат" кондитерлік фабрикасы қолынан айырылған қызметкеріне 30 млн теңге өтемақы төлейтін болды

287

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматыдағы Рахат фабрикасы өндіріс орнында оң қолынан айырылған қызметкерінің емдомына 30 млн теңге өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Заңгер Анна Димитриевич Instagram желісіндегі парақшасында "Рахат" кондитерлік фабрикасының зардап шеккен қызметкеріне қатысты даудың соңы немен аяқталғанын жазды. 

Адвокат бұл дау ауызбіршілікпен шешілгенін атап өтті. Олар сотқа жүгінбеген көрінеді. 


Әйел протез және емделу үшін 30 миллион теңге өтемақы алды. Зауыт болашақта екі ұлының еліміздің кез келген университетіндегі оқу ақысын төлеп береді. Сонымен қатар протездеуден кейін ол зауытта жұмыс істей алады, – деп жазды Димитриевич.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.