18 жасқа дейінгі балалар автобуста тегін жүре алады

422

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қоғамдық көліктерде тегін жүре алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды. Бұл шара отбасыларға, әсіресе көп балалы отбасыларға үлкен қолдау болып табылады.

Қарағандыда 7 жастан 18 жасқа дейінгі 110 мыңға жуық тұрғын бар. Автобустарды жаңарту мен электронды билеттердің енгізілуіне байланысты мен оқушылар үшін Қарағанды бойынша тегін жол жүруді қамтамасыз етуді тапсырдым, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.


Өңір басшысы өзінің шешімі туралы № 44 апатты мектептің педагогикалық ұжымымен және оқушыларының ата-аналарымен кездесу барысында хабарлады.

1948 жылғы ғимарат қалпына келтіруге келмейді. Оның орнына жаңа оқу орнын салу жоспарлануда. Оқушылар мен мұғалімдер № 64 мектепке ауыстырылды. Ол 600 адамға арналған, сондықтан орын тапшылығы жоқ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.