Байқоңыр тұрғындарына Ресей билігі өз төлқұжаттарын таратуда

409

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ресей үкіметі Байқоңыр қаласының тұрғындарына Ресей Федерациясының төлқұжаттары таратылуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы  telegram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Атап айтқанда, РФ-ның Алматыдағы консулдығы Байқоңыр тұрғындарынан ата - аналарының бірі Ресей азаматы, екіншісі шетелдік болып табылатын балаларды Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініштер қабылдамақшы.

Ресей азаматтығын мақұлдаған қазақстандықтардың тегі тізімі бар.

Ал, Facebook қолданушысы Гаухар Адилованың
жариялымына Қазақстан Республикасы президентінің"Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы былай деп жауап қалждырған болатын:

Байқоңыр қаласында Ресей тарапымен жергілікті тұрғындарға құжаттар таратылып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазіргі таңда қоғамда және әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Байқоңыр қаласында өткізілетін консулдық қабылдау бойынша:
Жыл сайын Байқоңыр қаласында ата-аналарының бірі Ресей Федерациясының азаматы, екіншісі өзге елдің азаматы болып табылатын 18 жасқа дейінгі балаларға Ресей азаматтығын рәсімдеу мақсатында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы азаматтарды көшпелі консулдық қабылдау өткізеді.
Азаматтығын ауыстыру әрбір азаматтың өз еркімен және заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Айта кету қажет, көшпелі консулдық қабылдауға екі ата-ананың да келуі міндетті. Ресей азаматы өтінішке қол қояды, ал екінші азамат өз баласын Ресей азаматтығына қабылдауға келісімін береді, - делінген. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.