Байқоңыр тұрғындарына Ресей билігі өз төлқұжаттарын таратуда
394

Бұл туралы telegram әлеуметтік желісінде жарияланды.
Атап айтқанда, РФ-ның Алматыдағы консулдығы Байқоңыр тұрғындарынан ата - аналарының бірі Ресей азаматы, екіншісі шетелдік болып табылатын балаларды Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініштер қабылдамақшы.
Ресей азаматтығын мақұлдаған қазақстандықтардың тегі тізімі бар.
Ал, Facebook қолданушысы Гаухар Адилованың жариялымына Қазақстан Республикасы президентінің"Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы былай деп жауап қалждырған болатын:
Байқоңыр қаласында Ресей тарапымен жергілікті тұрғындарға құжаттар таратылып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазіргі таңда қоғамда және әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Байқоңыр қаласында өткізілетін консулдық қабылдау бойынша:
Жыл сайын Байқоңыр қаласында ата-аналарының бірі Ресей Федерациясының азаматы, екіншісі өзге елдің азаматы болып табылатын 18 жасқа дейінгі балаларға Ресей азаматтығын рәсімдеу мақсатында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы азаматтарды көшпелі консулдық қабылдау өткізеді.
Азаматтығын ауыстыру әрбір азаматтың өз еркімен және заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Айта кету қажет, көшпелі консулдық қабылдауға екі ата-ананың да келуі міндетті. Ресей азаматы өтінішке қол қояды, ал екінші азамат өз баласын Ресей азаматтығына қабылдауға келісімін береді, - делінген.
Тағы да оқыңыздар

«Қызыл ай»
275