Аудан әкімі мен тұрғын жер үшін соттасты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруден бас тартқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Талаптың көшірмесі алдын ала тыңдауда меморандум бойынша әкімдік жанында құрылған татуластыру комиссиясына жіберілген.
Жергілікті атқарушы орган татуластыру рәсімі барысында талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
Осылайша, сот дауы медиативтік келісім жасасумен аяқталды.
Қаз
Рус






