Әкімінің экс-орынбасары шетелден экстрадицияланды

86

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бас прокуратура Грузиядан Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай экстрадицияланғанын айтты, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.



“Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн. тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды”, – делінген хабарламада.


Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.

Күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізілді.  Қазіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.