Мектепті жөндеуге бөлінген қаржының 57,5 млн теңгесін кәсіпкер қалтаға басқан

165

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында кәсіпкерлер аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қаржылық мониторингі агенттігінің дерегіне сүйенсек, Алматы облысын Кербұлақ ауданындағы 2 мектепті жөндеу үшін  2020 жылы 855 миллион теңгеге келісім жасалған. Бірақ тергеу барысында жалған жұмыс актілерін жасау анықталып отыр. 


“Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен "ПМК-7К" ЖШС арасында жалпы сомасы 855 миллион теңгені құраған "Сарыбастау" және "Қарағаш" ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған. Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-тің есеп айырысу шотына 57,5 миллион теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды”, - делінген агенттік ақпаратында. 


Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар сотталушы мемлекетке келтірілген 57,5 миллион теңге сомасындағы залалды толығымен өтеген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.