Құрал-жабдықсыз жұмыс істеген электрик бағана басында тірідей жанып кетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыда құрал-жабдықсыз жұмыс істеген электрикті қатты ток соғып, көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматының Түрксіб аудандық полиция бөлімі мегаполистің солтүстік бөлігіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында электриктің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жұмысшының қажетті құрал-жабдықтары болмаған. Салдарынан қатты ток соғып, денесі бағанада қалып қойған.
Қаз
Рус






