Құрал-жабдықсыз жұмыс істеген электрик бағана басында тірідей жанып кетті

1 266

Алматыда құрал-жабдықсыз жұмыс істеген электрикті қатты ток соғып, көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматының Түрксіб аудандық полиция бөлімі мегаполистің солтүстік бөлігіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында электриктің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.


"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.


Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жұмысшының қажетті құрал-жабдықтары болмаған. Салдарынан қатты ток соғып, денесі бағанада қалып қойған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.