Aуаны ластаған компания 7 млрд теңге айыппұл төледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Компания ауаға көмірқышқыл газын шамадан асырып шығарған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл Karabatan Utility Solutions компаниясы екен. Кәсіпорын шығарындыларының нақты көлемі 743 105,874 тоннаға жеткен. Ал бұған дейін министрлікпен 35 482 тонна көмірқышқыл газы шығарындыларына квота көлемі келісілген.
Компаниядан мемлекет пайдасына 7 миллиард теңге өндірілген.
Қаз
Рус






