Aуаны ластаған компания 7 млрд теңге айыппұл төледі

1 503

Компания ауаға көмірқышқыл газын шамадан асырып шығарған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл Karabatan Utility Solutions компаниясы екен. Кәсіпорын шығарындыларының нақты көлемі 743 105,874 тоннаға жеткен. Ал бұған дейін министрлікпен 35 482 тонна көмірқышқыл газы шығарындыларына квота көлемі келісілген. 

"Осылайша, Karabatan Utility Solutions ЖШС қондырғыны көміртегі квоталарының бөлінген көлемін асыра отырып пайдаланды. Департамент акт жасап, ережебұзушылықты жою туралы бұйрық шығарды. ҚР ӘҚБтК-нің 329-бабында көзделген ("Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету") әкімшілік іс қозғалды, - делінген хабарламада.


Компаниядан мемлекет пайдасына 7 миллиард теңге өндірілген.