Түрмеге келгендер телефонды гриль тауықтың ішіне жасырып өткізбек болған

1 571

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дерек көзіПавлодарда тергеу изоляторына келгендер ұялы телефонды гриль тауыққа салып өткізбек болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  №63 мекемесінде пайдалануға тыйым салынған заттар сәлемдемелерді қабылдау кезінде рентген қондырғысын қолдану арқылы анықталып, тәркіленді. 44 жастағы қала тұрғыны әкелген заттарды үш гриль тауықтың ішіне жасырған. 


"Сәлемдеме денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 38 жастағы сотталғанға арналған. Тыйым салынған заттар салынған сәлемдемені сотталған адамның танысы әкелген. Рентген қондырғысының арқасында сәлемдемені тексеру кезінде тыйым салынған заттар тәркіленді", - дейді №63 мекеме бастығы Берик Рахимов.


Тергеу изоляторының қызметкерлері сотталғандармен және олардың туыстарымен сәлемдемелерді жеткізу және мекемеге бару кезінде тыйым салынған заттарды алып жүруге жол бермеу туралы жүйелі түрде әңгімелесу жүргізеді. Дегенмен, келушілер заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды әлі де жалғастырудан тайынбайды. 

Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.