Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды

1 640

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дерек көзіҚарағандыда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланды. Қаладағы барлық сауда нысандарында ер адамның суреттері ілінген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полицейлер ер адамның суретін жариялап, екінші категория бойынша іздеу салған.

Яғни ол аса қауіпті қылмыскер емес, алайда оны ұстау өңірлік полиция департаменті мен ІІМ ерекше бақылауында. Себебі оның әрекеті қоғамда резонанс тудырды.   

Қарағанды полиция бөлімінің қызметкерлері Нұрболат Дәкебаев жайлы ақпарат білетіндер болса 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды. 


Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. 







OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.