Екі адам жанжалдасып, бірінің аяғына оқ атып жіберген

1 540

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: БҚО полиция департаментіБҚО-ның Ақсай қаласында оқ атып, ер адамды аяғынан жарақаттаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Сол күні кешкісін күдікті көршісінің үйіне барады. Кейін сол үйге қонаққа келген ер адам екеуінің арасында жанжал туындайды. Содан кейін күдікті кетіп қалып, қайта оралып келіп, оқ ата бастайды. Оның бір оғы аулада тұрғандардың бірінің аяғына тиеді. Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кетеді. Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін дереу жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні оқиғаның ізін суытпай қолға түсірді, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық қару тәркіленіп, іс материалдарына тігілді. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.






OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.