Қызылордалықтар жылы су емес таза ауызсуға мұқтаж

4 109

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев берген сұхбатында жылы судың жоқтығын атап өтті, алайда сыр жұртшылығы таза суға мұқтаж болып отыр, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Гидрогеология саласындағы зерттеу нәтижелері адамзат үшін аса маңызды. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл әлемде су тапшылығы бар. Соның ішінде, әсіресе таза ауыз су мәселесі өзекті.  


Арай – 3 ықшам ауданының  тұрғындары сары су ішуге мәжбүр. Өйткені орталық құбырдан сары су ағып жатыр.  Тіпті сапасыз, тұтынуға жарамсыз ауызсудың берілетінін еш жерде хабарламады дейді тұрғындар.


«Ақ киімдерімізді стиральная машинаға жуамыз деп сары киім шығарып алдық. Айына 5000 тг төлейміз суға. Не ол суды іше алмайсың, не тұрмысқа пайдалана алмайсың.»,- дейді әлеуметтік желіге жан айқайын жариялаған тұрғындар.


Жұрт «ала жаздан бері табан тоздырып, талай босағаға барсақ та, атқамінерлер бейқам отыр» деп ашулы. Ауызсудың түсі өңіп, тіпті лай күйінде аққан кездері де жетерлік. Ал, сала мамандары «құбырлар ескіргендіктен», «тазалау шаю жұмыстары жүргендіктен» деп жиі жаттанды жауапты сырғыта жөнеледі. 


Краннан сап сары су ағады «Не өзіміз жуына, не кірімізді жуа алмаймыз» деген бұқара құбырлардың жаңа екендігін жеткізіп әлек. Ал, аймақ басшысы жылы сумен қамтамасыз етуді назарға алып, Мемлекет басшысымен «өзара» талқылау жүргізуде. 


«Үлкен бір мәселе қалада жылы су жоқ. Қызылорда қала болғалы. Басқа облыста жылы су бар. Енді тездетіп жоба жасап, 2 жылдың ішінде қалаға жылы су берілуі керек. Протоколға кірді, тарихи шешімді Мемлекет басшысымен ақылдасып қабылдадық. Енді 2024 жылға - 11,5млрд. 2025жылға – 11,5 млрд теңге бөлінеді.», - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.


Алайда, аймақ басшысының құлағына жергілікті тұрғындардың сапалы ауыз суға зәру екендігі жетпесе керек. Жылы сумен қамтамасыз етіп, жағдайды жақсартамыз деген аймақ басшысы халық игілігі үшін қызмет етуде. Десе де ат тізгінін ұстаған азаматтар жаттанды жауап жазып, жылы жауып қоя салғандай.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.