Полицейлер қызметтік көлікпен мотоцикл мінген баланы қағып өлтірді деген күдікке ілінді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 17 жастағы Кемелбай Мереке мотоциклден құлап мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап.
Жасөпірімнің анасы Жанаргүл Шүренбай жағдайға полицияны кінәлап видеоүндеу жолдады.
Марқұмның анасының айтуынша, полиция қызметкерлері қызметтік көліктерімен мотоцикл тізгіндеген ұлды қуып, ақырында оны соққан. Бала басынан соққы алып, көз жұмған.
Ана бас прокурор мен облыс прокурорынан көмек сұрап, күдікті екі полицейді босатпауды сұрайды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет жағдайға түсініктеме берді.
Қаз
Рус






