Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталар айналымға шығады

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: nationalbank.kzҚаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.


Қаныш Сәтбаев – геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті.


Номиналы 2 мың теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қаныш Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.