«Ақжарма-2» шаруа қожалығында егінге орақ түсті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Бүгін «Ақжарма-2» шаруа қожалығында егінге орақ түсті. Егін жинау науқанының басталу рәсіміне аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және халық қалаулылары мен еңбек ардагерлері қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аудан басшысы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.
Мұнан соң шаруашылық төрағасы Марат Бисенов сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласына көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылып жатқан демеушілік жұмыстарға тоқталды. Шаруашылықта биыл 1000 гектарға күріш, 68 гектарға бидай егіліп, 245 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған. Егістік басында еңбек ардагерлері астықтың мол болуына баталарын беріп, егінге алғашқы орақ түсті. Айта кетейік, ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2024 жылдың 7 айында 38,2 млрд. теңгені құрап, 2,8 пайызға артты. Аймақ басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл қосымша 420 гектар жер ашылып, 774 адам әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін егіп, нәтижесін көруде. Биылғы егін жинау науқанына аудан бойынша 990 техника қатысады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Қаз
Рус






