Енді студенттер жатақханаға тек Face ID арқылы кіруі мүмкін

1 386

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: in.pinterest.comЖобаға сәйкес студенттерге арналған жатақханаларда биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілуі мүмкін,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрлік жатақханаларға бөтен адамдардың кіруін болдырмау үшін студенттерді бет-әлпетімен тану жүйесін (Face ID) пайдалануды жоспарлап отыр.

Қазір студенттер туралы ақпарат Ұлттық білім беру дерекқоры арқылы тексерілуде. Содан кейін ол ақпараттың өзекті және сенімді екендігіне көз жеткізу үшін мемлекеттік базамен салыстырылады.

Білім министрлігі жатақханалардағы кіруді басқару құрылғыларымен байланысты StudDom жүйесін пайдалануды ұсынады. Бұл карта мен биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) пайдаланып, жатақханаға кімнің кіріп-шығатынын бақылауға көмектеседі.

Ал егер студенттердің жатақханада нақты тұратыны жөнінде қосымша мәліметтер қажет болған кезде оператор жатақхана тұрғындарына қоңырау шалады.

Бұйрық жобасы 20 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.