Екі баласы бар мұғалім оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілікті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбелік мұғалім Қылмыстық кодекстің "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабымен күдікті деп танылды, - деп хабарлайды, - "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ақтөбеде жоғары сынып оқушысымен қатынаста болды деген күдікке іліккен мұғалім әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Мән-жайды келіншектің бұрынғы күйеуі айтып берді. Ер адамның айтуынша, бес жыл бірге тұрған 24 жастағы әйелі мектеп оқушысымен көңіл қосқан.
Мектеп директоры мән-жай туралы тиісті органдарға хабар бергенін, педагогтың қазір жұмыс істемейтінін хабарлады.
Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабымен, яғни, “Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын растады. Іске қатысты басқа мәліметтер ресми хабарланбады.
Қаз
Рус






