Жас көлік жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып кетті

1 167

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comАлматы маңында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 10 қазан күні таңертең болған. Алматы маңында 20 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде 60 жастағы әйелді қағып кеткені анықталды. Жол-көлік апаты Алматы-Бішкек тас жолының 19-шы шақырымында, БАКАД қиылысына жақын жерде болған.

Аймаққа қарай келе жатқан Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Оқиға орнына жеткен полицейлер шетелдік көліктің жүргізушісін қамауға алған. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.