Жас көлік жүргізушісі егде жастағы әйелді қағып кетті
Алматы маңында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 10 қазан күні таңертең болған. Алматы маңында 20 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде 60 жастағы әйелді қағып кеткені анықталды. Жол-көлік апаты Алматы-Бішкек тас жолының 19-шы шақырымында, БАКАД қиылысына жақын жерде болған.
Аймаққа қарай келе жатқан Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Оқиға орнына жеткен полицейлер шетелдік көліктің жүргізушісін қамауға алған. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.