Әкімдік туристің портретін зерттеуге 35 млн теңге жұмсамақ

138

Бұл жөнінде мемлекеттік сатып алулар порталындабелгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



"Тапсырыс беруші – "Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сипаттамасы – "Туристің портреті" зерттеуі, сомасы – 35 млн теңге", – делінген лот хабарландыру сипаттамасында.



Visit Almaty – туристік ақпараттық орталық және 2017 жылы құрылған маркетингтік компания. Орталықтың жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100%-ы Алматы әкімдігіне тиесілі.

Visit Almaty компаниясының пікірінше, коронавирус, пандемия және геосаяси өзгерістер Алматыда туризмнің дамуына әсер етуді жалғастыруда, сондықтан сауалнама, сұхбат және қолданыстағы статистикалық деректерді талдау негізінде шетелдік туристің профилін анықтау қажет.

Компания туристер неге Алматыны таңдайтынын, оңтүстік астанада қайда және қалай демалғанды ұнататынын анықтауға ниетті.

35 млн теңгеге қазіргі жағдайды зерделеу, әлемдік тәжірибелерді талдау, халықаралық ұйымдардың әдіснамаларына шолу және талдау, танымал туристік орындарда кемінде 1200 шетелдік туриске сауалнама жүргізу жоспарлануда.

Техникалық сипаттамаға сәйкес қызмет көрсету мерзімі – 2023 жылдың соңына дейін. Компания түскен өтінімдер қарап жатқанға ұқсайды.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.