Мопед тізгіндеген 13 жастағы баланы көлік қағып кетті
Астанада Мәңгілік Ел даңғылында көлік мопедисті қағып кетті. Артынша мопедті 2011 жылы туған бала айдағаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қараша күні Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізуші жол апатына ұшырады.
Астананың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем дәрігерлері №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына 2011 жылы туған ұл баланы жеткізді.
Қаз
Рус






